Астанада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өтеді

© Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада конкур бойынша Еуразиялық лига Кубогының кезеңі (FEI CSI1-W) және аттың жүріс мәнері, яғни дрессура бойынша халықаралық турнир (FEI CDI1) өтеді. Бұл – еліміздің спорт қауымдастығы мен ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемдік деңгейдегі жарыстардың өткізілуі туралы толығырақ Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов айтып берді.
Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы "Арғымақ" ат-спорттық-сауықтыру кешенінде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен конкурдан Әлем кубогының кезеңі өтеді. Сонымен бірге халықаралық спорт күнтізбесіне енген CDI1 санатындағы дрессура турнирі де ұйымдастырылады.
Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерден 60-тан астам шабандоз қатысады. Бұл 2026 жылы өтетін ат спорты бойынша әлем чемпионатына жолдама алуға қажетті рейтинг ұпайларын жинауға үлкен мүмкіндік болмақ.
Турнир аясындағы дрессура сайысы – шабандоз бен аттың үйлесімділігі, дәлдігі мен шеберлігі бағаланатын жоғары деңгейлі спорт түрі. Спорт пен өнердің тоғысқан көрінісі, көрермен үшін де ерекше әсерлі шоу болмақ.
Жыл соңына дейін Астанада мынадай ат спорты жарыстары өтеді:
- Шілде: Елорда кубогы құнан бәйге, аламан бәйге, жорға жарыс және ашық көкпар турнирі;
- Тамыз: Конституция күніне арналған республикалық бәйге;
- Қыркүйек: Маусым қорытындысына арналған көкпар сайысы;
- 25 қазан: Республика күніне арналған конкур жарысы;
- Желтоқсан: Тәуелсіздік күніне арналған қысқы конкур турнирі.
Аталған жарыстың барлығы ұлттық спортты дәріптеуге, мәдени мұрамызды сақтауға және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Бұған дейін 2025 жылы 30 сәуірде ат спортынан Ташкентте өткен ірі қос турнирде отандық спортшылар сәтті өнер көрсеткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды