Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі тұралап қалды
© Фото: pexels
Қырғызстан–Қазақстан шекарасындағы "Ақ-Тілек – автожол" бақылау-өткізу бекетінің алдында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды. Бұл туралы 2026 жылғы 25 мамырда Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Tazabek басылымының мәліметінше, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекарадағы өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Алайда маусымдық кезеңге байланысты Қырғызстаннан шығатын жүк тасымалы көлемі артқан. Соның салдарынан "Ақ-Тілек – автожол" бақылау-өткізу пунктінің алдында жүк көліктері жиналып қалған.
"2026 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте шамамен 150 жүк көлігі тұр. Ал Қырғызстанға кіретін бағытта көлік кептелісі тіркелген жоқ", – делінген хабарламада.
Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі бақылау рәсімдері қырғыз тарапында жедел жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда шекарашылар азаматтарды, көліктер мен жүктерді қолданыстағы заң талаптары мен шекара қауіпсіздігін сақтай отырып, мүмкіндігінше жылдам рәсімдеу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Бұған дейін Қазақстан шекарасында бұрғымен қаруланған ер адам шетелдіктерге қауіп төндіргенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:45, 26 мамыр 2026
«Ұрып-соғып, дәретханаға қамап қойған»: Ақмола облысында балабақша қызметкеріне қатысты дау туды
-
10:33, 26 мамыр 2026
Ер адам бұрынғы сүйіктісіне қышқыл шашып, пышақпен шабуыл жасаған
-
10:19, 26 мамыр 2026
«Қастандықпен өлтірді»: Алматыда бірнеше күннен бері із-түссіз жоғалған жігіттің мәйіті жер қойнына тапсырылды
-
09:55, 26 мамыр 2026
Астанада бір топ мектеп оқушысы ерекше баланы соққыға жыққан
-
09:48, 26 мамыр 2026
Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды





