Астанада бір топ мектеп оқушысы ерекше баланы соққыға жыққан
© Фото: Zakon.kz
Астанада бір топ мектеп оқушысы сөйлеу және психикалық дамуында тежелуі бар (ЗПРР) қатарласына шабуыл жасаған. Оқушыны қатыгездікпен ұрып-соғуға оның айтқан әзілі себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 25 мамырда бұл жантүршігерлік оқиға туралы әлеуметтік желіде зардап шеккен баланың анасы жазды. Оның айтуынша, сегіз оқушы ұлын сабақтан кейін әдейі күтіп тұрған. Бала сыныптан шыққан сәтте, жасөспірімдердің бірі артқы жағынан келіп, оны қылқындырған және 15-тен астам соққы жасаған.
Анасының сөзінше, төбелесті бастаған жасөспірім достарының алдында өзін көрсету үшін осындай әрекетке барған. Ал қасындағы басқа балалар күліп қарап тұрған және болған оқиғаны ұялы телефонға түсірген.
"Ұлымнан: "Сен кімсің?" деп сұраған. Ол қалжыңдап: "Шаурманың баласымын" деп жауап берген. Осындай болмашы әзіл үшін оны ұрып-соғуды шешкен. Бұл жай ғана "балалар төбелесі" емес, бұл – қатыгездік. Менің ұлымда ЗПРР бар – сөйлеу және психикалық даму тежелуі. Ең қорқыныштысы – ол өзіне не үшін бұлай жасағандарын толық түсінбей қалды. Ал айналасында басқа балалар тұрды. Қарап тұрды. Күлді. Телефонға түсірді. Ең сорақысы – олар да осы іске ортақ", – деп жазды анасы.
Бұл жазбаға құқық қорғау органдары жедел түрде назар аударған. Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар барлық жасөспірім анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Олар профилактикалық есепке қойылған.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен заңды өкілдердің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді. Жиында мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу, жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылауды күшейту, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналары арасында профилактикалық жұмыстарды жандандыру мәселелері қаралды", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 мамырда Zakon.kz тілшісіне.
Бұған дейін Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:45, 26 мамыр 2026
«Ұрып-соғып, дәретханаға қамап қойған»: Ақмола облысында балабақша қызметкеріне қатысты дау туды
-
10:33, 26 мамыр 2026
Ер адам бұрынғы сүйіктісіне қышқыл шашып, пышақпен шабуыл жасаған
-
10:19, 26 мамыр 2026
«Қастандықпен өлтірді»: Алматыда бірнеше күннен бері із-түссіз жоғалған жігіттің мәйіті жер қойнына тапсырылды
-
10:07, 26 мамыр 2026
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі тұралап қалды
-
09:48, 26 мамыр 2026
Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды





