Астанада алаяқ әйел ондаған адамды алдап кетті
© Фото: freepik
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен азаматшаны ұстады.
Ол қала тұрғындарының ақшасын алдап иемденген 21 жастағы қыз болып шықты.
Анықталғандай, алаяқ әлеуметтік желілерде ақша ұтысы туралы тартымды хабарландырулар орналастырған. Алайда, ұтқан ақшаны алу үшін адамдар сол сомадан 10-20 пайыз көлемінде қаражат төлеуі қажет болған.
Жергілікті тұрғындар көрсетілген нөмірлерге ақша жібергеннен кейін, алаяқ оларды бұғаттап тастаған. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады.
Алаяқтық фактісі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас 10 оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды.
Полиция азаматтарды түрлі тақырыптағы конкурстар, сауалнамалар және дауыс берулер түрінде таратылатын күмәнді сілтемелерге өтпеуді және жеке деректерін енгізбеуді сұрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:13, 11 қазан 2024
Дзюдошы Сүйікенов «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды
-
18:48, 11 қазан 2024
Әбиба Әбужақынова БАӘ-дегі Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді
-
18:35, 11 қазан 2024
Министрлік: ХҚКО сайты мен eGov Mobile қызметіндегі ақаулар туралы хабарлама - жалған
-
18:23, 11 қазан 2024
ATP 250 Almaty Open турнирінің ұйымдастырушылары алғашқы ресми іс шара өткізді
-
18:07, 11 қазан 2024
Атырау тұрғынынан киіктің 71 мүйізі тәркіленді