Астана прокуратурасы тариф белгілеу тәртібінде бұзушылықтарды анықтады

14:10, 8 қараша 2018

Астана прокуратурасы монополистер – «Астана-Энергия», «Астана-РЭК», «Астана-Теплотранзит» АҚ-ы және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен жылу және электрмен қамтамасыз етуге тарифтер белгілеудің заңдылығына тексеру жүргізді. Бұл туралы zakon.kz, Астана қаласының прокуратурасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған компаниялар табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың бұзушылықтарына жол бергені, бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны анықталды.

Нақтыласақ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-гі монополияға қарсы органмен шекті бағаны келісу кезінде 1 кВт/сағатты сатып алу 11,8 теңгеге жүзеге асырылады деп көрсеткенімен, шын мәнісінде ол екі есеге арзан сатып алынған.

Сондай-ақ, тұтынушыларға залал келтірген монополия субъектісінің әрекеттерінің бірі тарифтік смета шығындары баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшердің 5%-дан астамын орындамауы болып табылады.

«Астана-Энергия» АҚ-ы 2017 жылға жалпы сомасы 474 млн. теңгеге шығындар баптарын орындамаған. Жоғарыда аталған сома тұтынушыларға өтелуі тиіс.

Прокуратура енгізген актілердің негізінде 3 монополист үшін электр мен жылу бағаларын 1,2 млрд. теңгеге төмендететін уақытша өтемдік тариф енгізілді.

Қазіргі уақытта жылумен жабдықтауға арналған тарифтер бір Гкал үшін 3016,52 теңгеден 2842,99 теңгеге және электр энергиясына бір кВт/сағ үшін 14,59 теңгеден 13,89 теңгеге төмендетілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!