Astana Open турнирінің барлық ширек финалисі анықталды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 Astana Open турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Александр екінші айналымда әлемдік рейтингіде 58-орында тұрған аустриялық Себастьян Офнерден 4:6, 2:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды.
Енді Себастьян 1/4 финалда отандасы Доминик Тиммен кездесед.
Теннисшілер осымен бесінші рет ойнағалы жатыр. Әзірше Тим 3-1 есебімен алда тұр.
Ширек финалдық қалған матчтарда келесі теннисшілер ойнайды:
- Таллон Грикспур (Нидерланд) - Себастьян Корда (АҚШ);
- Иржи Легечка (Чехия) - Хамад Медьедович (Сербия);
- Адриан Маннарино (Франция) - Юрий Родионов (Аустрия).
Ал жұптық сында Александр Недовесов жартылай финалға бір қадам жетпей тоқтады. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге 1/4 финалда Ариэль Беар (Уругвай)/Адам Павласекке (Чехия) 3:6, 6:4, 5:10 есебімен есе жіберді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





