Astana Open: франциялық Адриан Маннарино алғашқы айналымда жеңіске жетті

14:13, 28 қыркүйек 2023

© Адриан Маннарино. Сурет: Zakon.kz

Astana Open ATP 250 турнирінің бірінші айналымындағы матчтар өтіп жатыр, деп хабарлайды

Бүгін, 28 қыркүйекте кортқа алғаш болып франциялық теннисші әлемнің 34-ракеткасы Адриан Маннарино мен оның отандасы, әлемнің 66-ракеткасы Артур Риндеркнеш шықты.

Бірінші сет тай-брейкке дейін жетті. Онда Маннарино басым түсіп, алғашқы партияда жеңіске жетті.

Әлемнің 34-ракеткасы екінші сетте 6:2 есебімен отандасын еш қиындықсыз жеңді.

теннис

Артур Риндеркнеш. Сурет: ktf.kz

Адриан Маннариноның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!