Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды
© Сурет: ktf.kz
Астанада 26 қазан – 3 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.
Бублик мажарстандық Мартон Фучович немесе аустриялық Себастьян Офнердің біреуімен кездеседі.
Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы – португалиялық Нуну Боргеш.
Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген Нидерланд өкілі Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Доданың екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.
"Былтыр Астанада АТР 500 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы теннисшілерден көп естідім. Мұнда бәрі ұнайды. Өзімнің үздік өнерімді көрсету үшін барымды саламын", - деді Иржи Лехечка.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр
-
16:14, 19 желтоқсан 2025
Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады
-
16:06, 19 желтоқсан 2025
Астанада жаңажылдық шырша шамы қашан жағылады және қай көшелерде қозғалыс шектеуі енгізіледі
-
15:53, 19 желтоқсан 2025
19 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады





