Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды

16:35, 16 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелері арқылы орындайтын болады.


"Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", делінген ведомство хабарламасында.

15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті.

"Ресми іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов, сондай-ақ Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісінің кеңесшісі Син Кюхо қатысты".

Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!