Astana International Forum: Роза Отунбаева Қазақстанға келеді
© Сурет: видеодан алынды
Роза Отунбаева - БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы 2025 жылдың 29-30 мамырында Астанада өтетін Astana International Forum-ның құрметті қонағы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Форумның Telegram-дағы арнасында Роза Отунбаеваның видеосы жарияланды.
"Мен - Роза Отунбаева, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі және UNAMA басшысымын. Астанада өтететін маңызды форумда Орталық Азияның Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қилысы ретіндегі айырықша рөлі туралы айтамын. Мен тұтас аймақтың ажырамас бөлігі ретінде Ауғанстаннан келетін қиындықтар мен мүмкіндіктердің бүкіл аймақтың әлеуетін іске асыруға тікелей әсер ететініене назар аударамын. Сонымен қатар халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Орталық Азия елдерінің Ауғанстандағы жағдайды шешуде және елдің алдағы онжылдықта алдына қойып отырған барлық сын-тегеуріндерді шешуде қалай шешуші рөл атқара алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып беремін", - дейді ол.
Айта кетсек, Роза Отунбаева - Қырғыз Республикасындағы беделді саясаткерлердің бірі, ол 2010 жылы уақытша үкіметті басқарған, тіпті аумалы-төкпелі уақытта уақытша президент міндетін де атқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





