Астана әуежайында іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Астана әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзірбайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады.
ІІМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.
Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігі екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 31 қазан 2024
Қазақстан мен Катар тарихи құжатқа қол қойды
-
12:09, 31 қазан 2024
Алматыда жылдың басынан бері 30 мыңнан астам шам ауыстырылып, 300 км-ден астам кабель тартылды
-
11:57, 31 қазан 2024
QR-код арқылы есірткіні жарнамалаған күдіктілер қамауға алынды
-
11:49, 31 қазан 2024
Қазақстан мен Вьетнам сотталғандарды беру туралы уағдаласты
-
11:37, 31 қазан 2024
Ақтау қаласында жылу беру әдеттегідей жүргізілуде