Астана, Алматы және Шымкентте 9–11 шілдеде аптап ыстық болады

14:56, 8 шілде 2026

© Фото: pixabay

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа температурасы +40°С-қа дейін көтерілетін аптап ыстық күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 9–11 шілдеге арналған ауа райы болжамында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

9 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағытынан жел: түнде 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +32...+34°С.

10 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +34...+36°С.

11 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +35...+37°С.

Алматы

9 шілде: құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +31...+33°С.

10–11 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс, шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +34...+36°С.

Шымкент

9 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +37...+39°С.

10 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +23...+25°С, күндіз +38...+40°С.

11 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +24...+26°С, күндіз +38...+40°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!