Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған үш күндік ауа райы болжамы
© Фото: Zakon.kz/Ян Благов
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 14-16 қаңтары аралығында еліміздің үш ірі қаласына арналған ауа райының толық болжамын ұсынды. Олардың айтуынша, Шымкентте пен Алматыда бес градусқа дейін күн жылынады. Ал Астанада қар жауып, жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының ауа райы болжамы
14 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 4-6 градус аяз.
15 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз.
16 қаңтар: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, бұрқасын. Күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
14 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
15-16 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
14 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
15 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
16 қаңтар: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 5-7 градус нөлден жоғары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 29 сәуір 2026
Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ
-
22:35, 29 сәуір 2026
АҚШ-тың Иранға қарсы операцияға қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды
-
22:19, 29 сәуір 2026
Қызылордада сәбиін сатпақ болған ана ұсталды
-
21:58, 29 сәуір 2026
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтады
-
21:37, 29 сәуір 2026
Алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп үлгерген: Кентауда ұрылардың әрекеті камералар арқылы әшкереленді





