АШМ су басқан ауру мал қорымдары маңынан алынған топырақ сынамаларының нәтижесін жариялады
© Сурет: freepik
Ауылшаруашылығы министрлігі су басқан аймақтарда Сібір жарасына шалдыққан мал өлекселері жерленген қорым аумақтарынан алынған топырақ сынамаларының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 сәуірде өткен брифинг кезіндегі АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Ерлан Тасболатовтың мәліметінше, әрбір алынған сынама бойынша Республикалық ветеринариялық зертханада жне Ұлттық ветеринариялық референттік орталықта ПТР зерттеулері және бактериологиялық зерттеулер жүргізілді.
"Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша сібір жарасының болуы анықталмады. Яғни, жер бетіне сібір жарасының спораларының шығуы болған жоқ, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Сондай-ақ, барлық өңірлерде сібір жарасы, қарасан, аусыл және басқа да аса қауіпті ауруларға қарсы жоспарлы егу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді", - деді ол.
Жалпы, өңірлердегі ауыл шаруашылығындағы су басу жағдайы министрліктің тұрақты бақылауында екені де нақтыланады.
Айта кетсек, бүгінгі күні су басу аймақтарында қауіпсіз аумақтарға 102 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды, оның ішінде Қостанай облысында - 23 мың бас, Ақмола облысында - 22 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында - 20 мың бас, БҚО-да - 4,8 мың бас. Жұмыс қажеттілігіне қарай жалғасатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды