Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылыққа 10,5 жыл жаза тағайындалды
© Фото: Zakon.kz
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері "Қарағанды – Қарағанөзек теміржол өткелінің аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ол есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікке ілінген. Ұсталған азаматтың жеке заттарын тінту кезінде салмағы 427 граммды құрайтын "мефедрон" есірткісі табылып, тәркіленді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мұндай мөлшер аса ірі көлем болып есептеледі. Полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.
Тергеу барысында оның есірткі заттарын қала аумағында тарату үшін телеграм-канал арқылы сатып алғаны анықталды.
Сот шешімімен азамат қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 393 есірткі құқықбұзушылық фактісін анықтаған. Оның ішінде 34 тарату, 23 аса ірі көлемде сақтау және 10 контрабанда оқиғасы тіркелген.
Заңсыз айналымнан 240 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:30, 12 желтоқсан 2024
Қызылорда облысында бір күнде тергеуден бой тасалап жүрген үш күдікті ұсталды
-
18:03, 12 желтоқсан 2024
Тоқаев Талдықорған іргесіндегі ауыл мектебіне автобус сыйға тартты
-
18:03, 12 желтоқсан 2024
Тоқаев ауыл мектебіне автобус сыйға тартты
-
17:48, 12 желтоқсан 2024
Шорт-тректен World Tour кезеңі: Сеулде ел намысын кімдер қорғайды
-
17:34, 12 желтоқсан 2024
Тоқаев Жетісу облысындағы тың бастамаларды құптады