Аргентина футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңді

23:55, 18 желтоқсан 2022

© Фото: zakon.kz

Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. 18 желтоқсанда Аргентина мен Франция құрамасы финалда ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есепті 23-минутта Аргентина құрамасы ашты. Голды Лионель Месси соқты. Франция қақпасына екінші голды 36-минутта Анхель ди Мария салды. 

Екінші таймда есепті Мбаппе ашты. Ол 80-минутта өз командасына алғашқы голды сыйлады. Бір минуттан соң, 81-минутта екінші гол салып, есепті теңестірді. 

Материал толықтырылып жатыр.

Осылайша, Аргентина құрамасы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, ал Франция күміс жүлдегер болды!

Ал Хорватия құрамасы Катарда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!