Арал колледжінің директоры парақорлық күдігіне ілікті

11:45, 15 қаңтар 2020

Қызылорда облысы білім басқармасының Арал колледжі директорының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысы білім басқармасының "Арал көпсалалы колледжі" МКҚК директорының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол аталған колледжге оқытушы қызметіне жұмысқа тұрғызу үшін "Қызылорда облысы білім басқармасы" ММ-нің лауазымды тұлғаларына 400 мың теңге көлемінде пара беруге азаматты итермелегені үшін күдікке ілінді.

Кінәні мойындауға және күдікті мен оның қорғаушысының келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!