Анталияда жүрген қазақстандық медицина мамандары өрттен зардап шеккендерге көмектесті
© Сурет: facebook.com/Ержан Құспаев
Халықаралық жазғы мектеп аясында Түркияның Анталия провинциясында жүрген Астана медициналық университетінің студенттері мен оқытушылары өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Астана медициналық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Құспаев Facebook парақшасында жазды.
"Түркияның курорттық қалаларында, әсіресе Анталияның маңында орман өрті өршіп тұр, адам шығыны бар. Бұл күндері біз Анталияда болдық. Анталияға Халықаралық жазғы мектеп аясында барған Астана медициналық университетінің барша студенттері мен оқытушылары гуманитарлық көмек орталығының жұмысына атсалысты. Олар қолдан келгенше көмек көрсетіп, өрттен зардап шеккен тұрғындарға елдің түкпір-түкіпірінен ағылып жатқан азық-түлік пен сусындарды көліктерден түсірісті. Гуманитарлық көмек тиеген КамАЗ-дар бір сағаттың ішінде босап, қайта жолға шығып жатты. Біз қайырымдылық іске қатысып, зардап шеккендерге қандай да бір көмек көрсете алғанымызға қуаныштымыз", - деп жазды университет өкілі.
Айта кетсек, 28 шілдеде Түркияда тұтанған орман өртінен 4 адам көз жұмған. Жалпы тілсіз жаудан зардап шеккен 122 адамның 58-і ауруханаға жеткізілген. Бүгінгі таңда қызыл жалын жеті провинцияда төбе көрсетіп, курорттық қалаларға жетіп алды. Отты сөндіруге Ресей мен Грекия билігі көмектесуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады