Анатолий Руденко суға жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

18:36, 5 қараша 2026
MKZ: 1576181

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға шығу үшін бақ сынады.

Нәтижесінде Анатолий қашықтықты 29.07 уақытта жүзіп өтіп, өз тобында үшінші, ал жалпы есепте алтыншы орынмен финалға жолдама алды.

Айта кетейік, финал бүгін, 5 қарашада өтеді.

Бұған дейін отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын. Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!