АМӨЗ-дегі апат: Құбыр желісіндегі ақау анықталып, жөнделді

© Сурет: primeminister.kz
Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі 2024 жылы 13 қаңтарда автобензин айдауға арналған жерасты құбырындағы ақау толығымен қалпына келтіріліп, отынның ағуы жойылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зауыт баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін №33 резервуар паркіне тауарлық бензин компоненттерін айдау желісінде зақымдану орны анықталған болатын. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдады. Төгілген мұнай өнімі сорылып, өңдеуге жіберілді.
"Оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін хабарланады. "АМӨЗ" ЖШС жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және жөнелту процесі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр", делінген зауыт түсініктемесінде.
Айта кетсек, 10 қаңтарда АМӨЗ-де сатуға дайын тұрған жанар-жағармай толы резервуардың ортайып қалғаны белгілі болды. Ақау анықталып, отынның төгілу жағдайы тоқтатылды. 30 тонна жанар-жағармайдың аққаны анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:53, 9 ақпан 2025
Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
-
12:06, 9 ақпан 2025
Қазақстандық конькишілер Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды
-
11:47, 9 ақпан 2025
Тарихи алтын! Головкин шорт-трек құрамасын құттықтады
-
11:35, 9 ақпан 2025
Қазақстанда медициналық авиация ұшақтары жаңартылады
-
11:00, 9 ақпан 2025
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды