Іссапарда тұру және ұшу шығындары өтелетін лауазымды тұлғалардың тізімі жаңартылды
© Фото: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шетелге іссапарларға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел ішіндегі іссапарлар кезінде тұрғын үй жалдау шығындары елді мекенге байланысты 10,7 немесе 5 АЕК шегінде өтелетін тұлғалардың тізімі толықтырылды. Оған Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері енгізілді.
Бизнес-класпен ұшу шығындары өтелетін тұлғалардың қатары да кеңейді. Тізімге Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы және оның орынбасарлары қосылды.
Шетелге іссапар кезінде бірінші класпен және бизнес-класпен ұшуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың санаттары нақтыланды. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың қай санатына "люкс", "жартылай люкс" немесе "стандарт" санатындағы қонақүй нөмірлерінің ақысы өтелетініне қатысты өзгерістер енгізілді.
ҚР Президентіне, вице-президентіне, Премьер-министріне, Құрылтай төрағасына, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасына және Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарына еріп жүретін адамдардың қонақүйде тұру шығындары нақты жұмсалған сома бойынша өтеледі. Бұған нөмірді брондау ақысы да кіреді.
Өзге қызметкерлерге төленетін тәуліктік шығыстардың жалпы нормалары өзгерген жоқ.
Қаулы 2026 жылғы 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 12 қараша 2026
«ҚазАвтоЖолдың» еншілес ұйымынан 35 млн теңге жымқырған бас бухгалтер сотталды
-
10:44, 12 қараша 2026
Бопсалау және қылмыстық идеология: ІІМ Қазақстандағы ұстау операциялары туралы мәлімдеді
-
10:36, 12 қараша 2026
Қазақстан фольга мен электродтарды елден шығаруға тыйым салды
-
10:24, 12 қараша 2026
Сұлулық жолындағы қауіпті қадам: Ресейде әйел денесіндегі артық майын алдырамын деп көз жұмды
-
10:17, 12 қараша 2026
Таиланд шетелдік туристер үшін жаңа төлем енгізуді жоспарлап отыр





