Алтайда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші 5 жылға сотталуы мүмкін

13:05, 18 қаңтар 2022

© Сурет: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Алтай қаласы көшелерінің бірін патрульдеу барысында 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның 2019 жылдың қазан айынан бастап алты жылға сот көлік құралын басқару құқығынан айырғаны анықталды.Сонымен қатар, медициналық куәландыру оның орташа мас күйде болғанын көрсетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!