Алматының қай көшелерінде жөндеу жүріп, көлік қозғалысы шектеледі – тізім

16:53, 20 тамыз 2026
MKZ: 1562347

© Фото: Zakon.kz

Алматыда жолдарға орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 20 тамызда қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелердің тізімін ұсынды.

Жөндеу жұмыстары мына учаскелерде жүргізіліп жатыр:

  • Үшкемпіров көшесінің Алаша көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігінде – 20 тамыз сағат 20:00-ге дейін;
  • Жандосов көшесінің қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі бөлігінде – 23 тамыз сағат 23:00-ге дейін;
  • Мұратбаев көшесінің Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі бөлігінде – 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін;
  • Құрмет көшесінің Достық даңғылынан тұйық көшеге дейінгі бөлігінде – 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін.
"Бұл учаскелерде жаңа жол жабыны төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі немесе реверсивті қозғалыс енгізіледі. Жүргізушілерден уақытша өзгерістерді ескеріп, жылдамдық режимін сақтауды және сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 2026 жылғы 18 тамызда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды негізгі магистральдарды қала шекарасына дейін және одан әрі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына жалғайтын жолдардың құрылыс барысын тексерген еді. Қала басшысы бейінді басқарма мен мердігер ұйымдарға жұмыстарды аяқтау мерзімдеріне қатысты тапсырмалар берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!