Алматының Бостандық ауданында суық су уақытша өшіріледі

16:17, 16 қыркүйек 2026
MKZ: 1567200

© Фото: pexels

Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар тұрғын үй мен нысанда суық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 16 қыркүйекте қала әкімдігі мәлімдеді.

Әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау аясында магистральдық су құбырын қайта төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 18 қыркүйекте сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Тимирязев және Жароков көшелері, сондай-ақ Абай мен Әл-Фараби даңғылдары шектесетін аумақта су беру тоқтатылады.

Қала тұрғындарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Сондай-ақ 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда LRT желісінің құрылысына байланысты Бауыржан Момышұлы көшесінің Зерделі шағынауданынан Дінмұхамед Қонаев атындағы мешітке дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!