Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның экономикалық табысының басты шартын атады

17:03, 16 қыркүйек 2026
MKZ: 1567221

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның экономикалық жетістіктерін өңір елдерінің орнықты дамуынан бөлек қарастыруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің пікірінше, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара байланысты нығайту аймақтың экономикалық әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.

"Орталық Азияның өзара байланысын нығайту өңірдің экономикалық әлеуетін толық танытады, халықаралық бизнеске жол ашып, ауқымды бірлескен жобаларды іске асыруға тың серпін береді. Әлемде технологиялық және экономикалық тұрғыдан көшбасшы саналатын Корея Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету осы мақсаттарға жедел қол жеткізуге ықпал етері сөзсіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Іс-шара барысында Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!