Алматының блок-бекеттерінен өте алатын азаматтар тізімі кеңейтілді

21:55, 6 сәуір 2020

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб Алматы қаласынан/қаласына денсаулығына байланысты өздігінен қозғалу мүмкіндігі жоқ және шұғыл түрде емделуге бағытталған азаматтарға және оларды алып жүретін адамдардың қозғалысына (жүріп-тұруына) рұқсат ететін шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай рұқсат медициналық мекеменің хат түріндегі жолдамасы болған жағдайда науқасты алып жүруші бір адамға берілген және олар бір автокөлікпен жүрулері тиіс.

Аталаған шаралар созылмалы ауруларды емдеуде, жоспарлы операцияларды жасауда дер кезінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!