Алматының бір ауданында газ беру уақытша тоқтатылады

17:30, 8 мамыр 2026

© Фото: pixabay

Алматының Медеу ауданының кей жерінде 12-16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Алматы өндірістік филиалы жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосуға байланысты газ беру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 2026 жылы 12-16 мамыр аралығында өтеді.

Көрсетілген кезеңде Медеу ауданындағы Көктөбе шағынауданы — Достық даңғылы — Армянская көшесі — Тәттімбет көшесі аумағында газ беру уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ, жұмыс жүргізу кезеңінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін:

  • Ж. Омарова көшесінде Тәттімбет көшесімен қиылыс маңында;
  • Луганский көшесінде Армянская көшесінен әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге дейінгі аралықта.

Жаңа желілерді қосу аталған ауданда газбен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!