Қазақстандық үш гимнаст Болгариядағы Challenge Cup кезеңінің финалына жолдама алды

18:35, 8 мамыр 2026

© Сурет: akorda.kz

Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу сынының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Идрисов екінші нәтижемен шешуші кезеңге өтті. Осы бағдарламада Роман Хегай іріктеуде жетінші орын алып, финалға шықты.

Нуртан Идрисов сақинадағы жаттығуда жүлдеге таласады. Қазақстандық гимнаст іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады.

Бүгін, 8 мамырда, жарыстың екінші іріктеу күні өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!