Алматылықтарға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері жайлы тағы бір мәрте ескертілді
© Сурет: Zakon.kz
Алматы ТЖД ғимараттар мен адамдар көп жиналатын орындардан қауіпсіз орындарға эвакуациялаумен бүгінгі жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар туралы еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмикалық жаттығу таңертеңгі сағат 10-да басталады, қала бойынша сирена ойнап, теле-және радиохабарлар арқылы ақпарат таратылады.
"Сирена қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, объектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізілетін болады", - деп атап өтті қала әкімдігінде.
Сондай-ақ, ведомство ТЖ кезінде әрбір қала тұрғынының жеке дайындығы зор мәнге ие екенін атап өтті. Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекеттерді тағы бір мәрте еске салды.
Алғашқы әрекеттер:
- Жер сілкінісі кезінде отбасылық іс-қимыл жоспарын жасаңыз
- Дүмпуден кейін отбасыңыздың жиналу орнын анықтаңыз.
- Пәтерден қауіпсіз жасырынатын орын таңдаңыз.
- Бұл көтергіш қабырғалар. Техжоспарды, техқұжатты көріңіз.
- Ғимараттан эвакуациялау жолын алдын ала анықтаңыз және ауыр заттарды алып тастаңыз.
Еске салайық, соңғы рет Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар 23 ақпанда өткізілді. Ал қалада 4 наурыз күні сағат 11.22-де 5 баллдық қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінен кейін бірден сирена естілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды