Алматылықтарды «скафандр» киіп жүрген дәрігерлердің суреті шошытып жіберді

10:01, 24 қаңтар 2020

Алматыда WhatsApp арқылы Талдықорған ауруханасына науқасты зембілмен алып кірген арнайы костюм - "скафандрдағы" дәрігерлердің суреті жаппай тарап жатыр. "Бұл Қытайдан шыққан жаман дертті жұқтырған науқас болуы керек" деген қауесет осыған қатысты бірден тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Бүгін Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасында жаттығулар өтті. Қауіпті вирусы бар науқасты госпитализациялау қалай жүргізілуі керектігіне қатысты оқу болды. Мазасыздануға еш себеп жоқ. Бұл – оқу-жаттығу, одан басқа ештеңе емес. Біз де мессенджерлерде қала тұрғыны осындай ауруды жұқтырыпты деген ақпарат жүргені туралы білдік, ол - өтірік, - деді әкімдіктегілер.

Азаматтарға жалған ақпарат таратпауға, оған заңда жаза бары тағы ескертіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!