Алматылықтардан 29-30 мамырда тауға бармау сұралды

17:50, 28 мамыр 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі "Қазгидрометтің" мәліметін негізге ала отырып, алматылықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрметті азаматтар, көліктеріңізді ағаштардың астына қоймаңыздар, делінген ресми хабарламада.

Қалада нөсер жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.

29-30 мамырда Алматы тауларында солтүстік-батыстан күн күркірегенде секундына 17-22 метр, соққанда екпіні секундына 24-29 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Тауға барудан бас тарта тұруларыңызды сұраймыз! Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!