Алматылықтар ақылы Pfizer-ды қашан салдыра алады

17:40, 6 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

Pfizer препаратын ақылы салдыруға Алматы қаласынан 3279 адам ниет білдірген

Алматылықтар Pfizer компаниясының Comirnaty препаратын ақылы салдыруды қашан бастайды деген сұраққа Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы бастығының орынбасары Лаура Мырзағали жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лаура Мырзағали бұл мәселенің әлі нақтыланбағанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық өңіріне Pfizer-ды ақылы салдыруға тілек білдірушілердің санын анықтауды сұраған құжат жолдаған. Алматы қаласынан дәл қазіргі уақытта 3279 адам ниет білдірді. Алайда Pfizer препаратын ақылы салу қашан басталатыны да, бір дозаның бағасы да әзірге белгісіз.Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы бастығының орынбасары Лаура Мырзағали

Ол алдымен дәрігерлер Pfizer вакцинасын салдырғысы келетін азаматтардың санын анықтауы қажет екенін айтты. Содан кейін ғана америкалық компаниядан вакцина сатып алынады.

Бұған дейін Алматы қаласында Pfizer препаратын ақылы салдыруға алдын ала жазылу басталғанын хабарлаған едік.

Еске салсақ, Pfizer-мен вакциналау Алматы қалалық ҚДСБ-ның үш емханасында ғана жүргізіледі.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!