Алматылық тұрғынының үйінен есірткі өсімдіктері мен жүздеген мың теңге табылды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда полицейлер жеке үйдің аумағынан тыйым салынған өсімдіктер мен кептірілген шикізаттың үлкен қорын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 2 қарашада хабарлағандай, Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Наурызбай ауданында тұратын 43 жастағы ер адамды анықтаған.
Оның үйінде жүргізілген тінту кезінде 13 түп сора өсімдігі мен кептірілген өсімдік тектес зат салынған қорап табылды.
"Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 10 келіні құрады. Сонымен қатар полицейлер ақшалай қаражатты да тәркіледі", – деп хабарлады Полиция департаменті.
Жедел түсірілім кадрларына қарағанда, тәркіленген ақша көлемі кемінде 500 мың теңге болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсірудің мән-жайы қылмыстық іс аясында анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:32, 2 қараша 2026
Ташкентте қазақстандық жас футболшылардың улануы: Динара Зәкиева мән-жайды айтты
-
17:10, 2 қараша 2026
Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді
-
17:01, 2 қараша 2026
Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалі үшін күреседі
-
16:59, 2 қараша 2026
Бір несиені жабу үшін екінші рет несие алған: қазақстандық сот арқылы банктер алдындағы қарызын реттеді
-
16:56, 2 қараша 2026
Теңге 3%-ға әлсіреді: Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады





