Вьетнам мен Габоннан оралған алматылықтардан қауіпті инфекция анықталды
© Фото: akorda.kz
Алматыда 2026 жылдың басынан бері безгектің (малярияның) сырттан әкелінген төрт жағдайы тіркелді. Оның екеуі кейінгі бір аптада анықталған. Ауру Вьетнам мен Габоннан оралған тұрғындардан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, науқастардан безгектің екі түрі – тропикалық және үш күндік безгек анықталған.
Тропикалық безгек – аурудың ең қауіпті түрі. Уақтылы емделмесе, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Ал үш күндік безгек салыстырмалы түрде жеңіл өтеді, бірақ жұқтырғаннан кейін бірнеше ай өткен соң қайта қозуы ықтимал.
Екі жағдай да зертханалық түрде расталған. Қазір науқастар стационарда ем қабылдап жатыр. Мамандар індеттің таралуына жол бермеу үшін қажетті эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы безгек Anopheles туысына жататын жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетінін, ал тұрмыстық байланыс немесе ауа-тамшы жолымен жұқпайтынын еске салды.
Мамандар безгек қаупі жоғары елдерге баруды жоспарлаған қазақстандықтарға сапар алдында алдын алу шараларымен танысып, маса шаққаннан қорғайтын құралдарды пайдалануға кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:22, 23 маусым 2026
Тоқаев ЕО көшбасшыларымен келіссөз жүргізу үшін «Еуропа» ғимаратына барды
-
18:14, 23 маусым 2026
«Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды
-
18:10, 23 маусым 2026
ҚФФ төреші Есмұратов пен «Елімай» бапкері Карповичке қатаң жаза қолданды
-
18:01, 23 маусым 2026
Семсерлесуден Азия чемпионаты: қазақстандық шпагашылар алтын медаль иеленді
-
17:42, 23 маусым 2026
24 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады





