Алматылық еріктілер 113 әйел мен баланы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғады
© Фото: pexels
Алматы қаласының полиция департаменті еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың әлеуетін тиімді пайдаланып, олардың көмегімен бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді.
Бүгінде департамент 6 еріктілер қозғалысымен, 11 қоғамдық құқық қорғау тобымен және 2 үкіметтік емес ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
2024 жылдың басынан бері еріктілердің қолдауымен 9 қылмыс ашылып, 4 223 құқық бұзушылық анықталды.
15 мың есірткі жарнамасы жойылды.113 әйел мен бала тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарылды. Із-түзсіз жоғалған 227 адам, соның ішінде 115 кәмелетке толмаған бала табылды.
12 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Алматы полициясының ерекше серіктестері – Ішкі істер министрлігінің маңызды жобасы "Жас сақшы" қозғалысының өкілдері. Бұл жас патриоттар тобы отансүйгіштікке баулу және жастарды азаматтық белсенділікке тарту бағытында жұмыс істейді.
Еріктілер мен полиция арасында тығыз ынтымақтастық орнату шеңберінде волонтерлерге Алматы полициясының қару-жарағы мен материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Бұл бірлескен жұмыс азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының өзара ықпалдастығының айқын үлгісі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:36, 20 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысты
-
18:25, 20 мамыр 2026
Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль иеленді
-
18:12, 20 мамыр 2026
Ұлытау облысында «Адал қоғам: Заң, сана және қауіпсіздік» атты форум өтті
-
17:58, 20 мамыр 2026
Алматыда ескі жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты 2,5 айға жол учаскесі жабылады
-
17:45, 20 мамыр 2026
Алматыда әуежайда лаң салған канадалық азамат жауапқа тартылды





