«Алматыэлектротранс» ЖШС-ның экс-басшысы Бекмырза Игенбердинов қамауға алынды

22:40, 30 қыркүйек 2022
356

© Сурет: Zakon.kz

"Алматыэлектротранс" ЖШС-ның Бас директоры қызметінен шеттетілген Бекмырза Игенбердинов қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Бекмырза Игенбердиновті екі айға қамауда ұстау түрінде бұлтарпау шарасына санкция тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та 27 қыркүйекте Алматы қаласында Антикор қызметкерлері Бекмырза Игенбердиновті 160 мың доллар пара алу кезінде ұстағаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

28 қыркүйекте Бекмырза Игенбердинов "Алматыэлектротранс" ЖШС Бас директоры қызметінен шеттетілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!