Алматыдан 142 шақырым жерде жер сілкінді

16:52, 19 қазан 2017

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 19 қазан күні Алматы уақытымен 15 сағат 58 минут 58 секундта жер сілкінісін тіркеген.

Жер дүмпуі Алматыдан 142 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болған. Энергетикалық қуаты – 9. Магнитудасы MPV 4,3. Тереңдігі – 20 шақырым. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы мәлімет жоқ.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!