Алматыдан Ресей шекарасына дейінгі жол учаскесі ақылы болды
© Фото: Zakon.kz
ҚР Көлік министрінің м. а. 2025 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) учаскесін ақылы негізде пайдалану белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта II және III санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) 539+000 – 376+000 километр (бұдан әрі – км) (М-36) учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны нақтыланған.
Жүріп өту келесі баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы «Республикалық маңызы бар автомобиль жолының» Қостанай – Рудный – Айет – Ресей Федерациясының шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолы.
Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –539+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –376+000 км.
Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 163 км.
Ақылы автомобиль жолымен жүру ақысының ставкалары белгіленді. Бір бағытта:
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері - 0,3034 АЕК (кейінгі төлем - 1193 теңге) және 0,2573 АЕК (алдын ала төлем - 1012 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері - 0,6148 АЕК (кейінгі төлем - 2417 теңге) және 0,5228 АЕК (алдын ала төлем - 2055 теңге);
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар - 0,9182 АЕК (кейінгі төлем - 3610 теңге) және 0,7801 АЕК (алдын ала төлем - 3067 теңге);
- Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері - 1,2270 АЕК (кейінгі төлем - 4824 теңге) және 1,0428 АЕК (алдын ала төлем - 4100 теңге);
- Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар - 1,5330 АЕК (кейінгі төлем - 6027 теңге) және 1,3028 АЕК (алдын ала төлем - 5123 теңге);
Сондай-ақ, жол учаскелері бойынша жол жүру тарифтері белгіленді.
Бұл ретте, жеңіл автомобильдер жол ақысынан босатылады.
Бұйрық 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





