Алматыдағы Жандосов көшесінде бірнеше күн қатарынан түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі
© Фото: unsplash
Алматыда 12 мен 14 қыркүйек аралығындағы түнгі уақытта Жандосов көшесінде құбыр желісін жүргізу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Энергетика және су шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, 12 қыркүйек сағат 23:00-ден бастап 14 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Жандосов көшесінде құбыр мен кәріз жүйесін жүргізуге байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Қозғалыс төмендегі учаскелерде шектеледі:
- Жандосов – Дәулеткерей көшелерінің қиылысы;
- Жандосов – Айманов көшелерінің қиылысы;
- Жандосов – Бекешев көшелерінің қиылысы.
Ведомство мәліметінше, аумақтар екі ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға байланысты шектеліп отыр:
- Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу" – жалпы ұзындығы 34,9 шақырымдық магистральды кәріз коллекторы салынады. Жоба Наурызбай және Алатау аудандарының 175 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарының шамамен 20 мың тұрғынын орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.
- "Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданында су және кәріз желілерін салу" – аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға, ауыз су беруді тұрақтандыруға және кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін құтқарушылардың жаңа туған шақалақты Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен жеткізгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 26 шілде 2026
Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті
-
17:06, 26 шілде 2026
27 шілдеде елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі
-
16:39, 26 шілде 2026
Жазушы, тарихшы Жұмабай Доспанов дүниеден озды
-
16:09, 26 шілде 2026
Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавты Жезқазған маңына сәтті қонды
-
15:48, 26 шілде 2026
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр





