Алматыдағы төтенше жағдай жарықтың жаппай сөнуіне әкелді
© Фото: unsplash
Алматыда 17 қараша таңертең төтенше жағдай салдарынан жаппай электр жарығы өшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде Сайран көлі маңында шамамен сағат 9:00-де жарылыс дауысы естіліп, артынша жарық сөнгені туралы ақпарат тарады.
ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның 08:53-те Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесі, 76-үйде болғанын нақтылады.
"Трансформаторлық қосалқы станциядан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бригадалары жіберілді. Келген кезде 0,2 шаршы метр аумақта ашық жану байқалды. Электр желісі компаниясының қызметкерлері нысанды электрден ажырату шараларын қабылдап жатыр. Өрт сөндірушілер объектінің ерекшелігін ескере отырып, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтап жұмыс жүргізуде", – деп мәлімдеді ведомство.
Жарықтың өшуіне қатысты толығырақ ақпаратты "Алатау Жарық Компаниясы" (АЖК) ұсынды.
"08:46-да ПС-7А "АХБК" – ПС-160А "Ерменсай" учаскесінде 110 кВ №110А және №111А әуе желілері апатты түрде ажыратылды. Соның салдарынан ПС-59А "Сайран", ПС-102А "АДК", ПС-6А "Геологстрой", ПС-43А "Оңтүстік" қосалқы станциялары өшіп қалды", – делінген компания түсіндірмесінде.
Нәтижесінде келесі аумақтардың тұрғындары жарықсыз қалды:
- Бостандық ауданы: Әл-Фараби, Розыбакиева, Жандосов, Жароков көшелерінің аралығы;
- Әуезов ауданы: Сайын, Жандосов, Абай, Розыбакиева көшелерінің аралығы;
- Алмалы ауданы: Райымбек даңғылы, Тілендиев, Төле би, Өтеген батыр көшелерінің аралығы.
АЖК тарапынан тараған ақпараттағы "трансформаторлық станциядағы өрт" туралы мәлімет шындыққа жанаспайтыны айтылды.
"Өшірілу себебі – 110 кВ Л-110А әуе желісінің соңғы муфтасының жануы", – деп түсіндірді компания.
Электрмен жабдықтау сағат 09:13-те қалпына келтірілді.
Бұған дейін "Алматы Су" абоненттеріне жағымды жаңалық жеткізгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ
-
15:57, 6 желтоқсан 2025
Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады





