ОСК Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімдерді қабылдап болды

17:57, 14 шілде 2026

© Сурет: Zakon.kz

ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясының отырысында партиялық тізім бойынша кандидаттарды ұсыну кезеңін аяқталғанын мәлімдеп, оның қорытындысы бойынша жеті саяси партия құрылтай депутаттығына 546 кандидаттың тізімін ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер атап өткендей, күнтізбелік жоспарға сәйкес Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 шілдеде сағат 18:00-де аяқталды.

"Саяси партиялар өз саяси партиясына мүше емес адамдарды партиялық тізімге енгізуге құқығы жоқ. Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісім беру туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жолданады. Тіркеуге бір саяси партиядан бір ғана тізім жіберіледі, оған енгізілген адамдардың саны депутаттық мандаттардың белгіленген санынан 30%-дан аспайды", - деді Шавхат Өтемісов

Бұл ретте, оның айтуынша, партиялық тізімдерде үш санаттағы өкілдер – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар кандидаттардың жалпы санының кемінде 30%-ын құрауы тиіс.

Шавхат Өтемісов 13 шілдеде сағат 18:00-де Орталық сайлау комиссиясына 7 саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылғанын хабарлады:

  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" ҚБ – 63 кандидат,
  • "Ауыл" партиясы" РҚБ – 69 кандидат,
  • "Әділет" саяси партиясы" ҚБ – 186 кандидат,
  • "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы" ҚБ – 47 кандидат,
  • "Қазақстан Халық партиясы" ҚБ – 72 кандидат,
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" РҚБ – 33 кандидат,
  • "Respublica" партиясы" ҚБ – 76 кандидат.

Сондай-ақ ол саяси партиялар Конституциялық заңда көзделген барлық құжатты ұсынғанын айтты.

"Қазіргі уақытта барлық саяси партиялардың құжаттары Конституцияның 35-бабының 3-тармағында және 54-бабының 3-тармағында және Конституциялық заңның 4-бабында белгіленген талаптарға партиялық тізімге енгізілген азаматтардың сәйкестігін тексеру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады", деп сөзін түйіндеді Шавхат Өтемісов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!