Алматыдағы Канье Уэсттің концертіне санаулы күндер қалды: полицейлер жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті
© Сурет: wikimedia
2026 жылғы 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэстің алғашқы концерті өтеді. Әдеттегідей, концертке деген орасан зор қызығушылыққа байланысты алаяқтар да белсенді әрекет ете бастаған. Осыған байланысты қалалық полиция ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдары кезекті мәрте концерт билеттерін тек ресми сервистер арқылы сатып алуды ұсынды.
"Төлемнен кейін сатып алушы ваучер алады, ол 13 тамызда автоматты түрде бірегей QR-коды бар электронды билетке ауыстырылады. 13 тамызға дейін QR-коды бар дайын билет ешкімде болмайды. Сондықтан қолдан, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы "дайын билет" сату туралы ұсыныстар алаяқтық болуы мүмкін". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Атап өтілгендей, билетті қайта сату да тек ресми тәртіппен жүзеге асырылады: бастапқы ваучердің күші жойылып, жаңа иесіне жаңа ваучер рәсімделеді.
"Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және ақпаратты тек ұйымдастырушылардың ресми арналары арқылы тексеріңіз".Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Айта кетейік, билеттердің ресми сатылымы шілде айының соңында басталған. Олардың бағасы 120 мыңнан 350 мың теңгеге дейін. Бұған қоса 10% көлемінде сервистік алым алынады.
Бұған дейін белгілі болғандай, үлкен концерт үшін ұйымдастырушылар Алматыға 100 тоннадан астам жабдық (шамамен 15 жүк көлігі) жеткізеді. Сахнаға турдың басқа да әлемдік шоуларында қолданылған алып айналмалы сфера орнатылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 10 тамыз 2026
«Қаным армян болғанымен, жаным қазақ»: Атыраулық мектеп оқушысы Абай шығармаларын әлемге насихаттауда
-
14:39, 10 тамыз 2026
Транзиттік ауыр жүк көліктерінің Астанаға кіруіне тыйым салынды
-
14:26, 10 тамыз 2026
Алматыда Абай ескерткішіне гүл қойылды
-
14:18, 10 тамыз 2026
Парниктік газдар шығарындылары саласындағы мемлекеттік реттеу ережелері жаңартылды
-
14:07, 10 тамыз 2026
Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы





