Алматыдағы Достық даңғылынан басталатын Құрмет көшесі алты күнге жабық

09:04, 20 тамыз 2026
MKZ: 1562244

© Фото: unsplash

Алматыда Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

AlmatyJoly Telegram арнасындағы мәлімет бойынша, 20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Достық даңғылынан басталып, тұйыққа тірелетін Құрмет көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Жол жөндеу жұмыстарына ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 09:04

Сурет: Telegram/AlmatyJoly

Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады. Сондықтан жол қызметі тұрғындардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, 20 тамыздан бастап Алматыдағы Мұратбаев көшесінің бір бөлігінде бірнеше күнге көлік қозғалысы шектелді. Сондай-ақ, Жандосов көшесінде де қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!