Алматыдағы балкондардың біріндегі өрт сәл болмағанда қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады

09:21, 24 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

24 қазанда алматылық құтқарушылар Жароков көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар ақпаратына сүйенсек, тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде бөлме мен балконның жануы орын алды.

ТЖМ күштері өртті 15 шаршы метр алаңда сөндірді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар өздері далаға шықты.

Бұған дейін Астанада газ баллондарын тиеген жүк көлігі мен тағы үш жеңіл көлік өртенгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!