Алматыда жол көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі зардап шекті

© Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 14 тамызында түнде Алматыда Сүйінбай көшесімен Райымбек даңғылының төменгі жағында автокөлік пен мотоцикл соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Chevrolet Enix көлігі Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта жүрген.
Көлікті әйел адам басқарған. Жүргізуші автобус жолағы арқылы аулаға қарай бұрылған. Ал, бұл уақытта мотоцикл автобус жолағы арқылы қозғалып келе жатқан. Алдын-ала мәлімет бойынша, әйел автобус жолағы арқылы мотоцикл жүре алады деп күтпеген.

Сурет: Zakon.kz
Маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, ол қозғалысын жалғастырған. Осы сәтте оны Yamaha R1 мотоциклі соққан.
Мотоцикл жүргізушісі соққыдан қаншалықты қашып өтпек болғанымен, ақыр аяғында автокөлікке соқтығысқан.
Соққы салдарынан ол 10 метрге дейін ұшып кетіп, арыққа құлаған. Нәтижесінде, бірқатар дене жарақаттарын алған.

Сурет: Zakon.kz
Мотоцикл жүргізушісі әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Негізгі зақым аяққа түскен: үш жерден сынды
Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде. Оған операциялық көмек көрсетіледі.

Сурет: Zakon.kz
ЖКО орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді.

Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін еліміздегі ең қауіпті трассалардың бірі ерекше бақылауға алынатындығы хабарланға болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:40, 17 мамыр 2025
Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты
-
14:01, 17 мамыр 2025
Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді
-
13:52, 17 мамыр 2025
Бүркіт пен Аиша сәбилі болды
-
13:14, 17 мамыр 2025
Астанада жәбірленушінің телефоны арқылы несие рәсімдеп, алтын бұйымдарын ұрлаған азамат ұсталды
-
12:38, 17 мамыр 2025
Жүзуші Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты