Алматыда жоғалып кеткен профессор өлі күйінде табылды
Алматы облысының полиция қызметкерлері 69 жастағы алматылық профессордың жоғалып кетуіне қатысы бар ер адамды ұстады, деп хабарлады Sputnik тілшісі.
17 тамыз күні Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушысы, профессор Ағыбай Смағұлов жоғалып кеткен болатын. Оның жоғалып кеткені туралы ақпаратты азаматтық белсенді Ислам Угушев әлеуметтік желілерде таратты. Смағұловтың туыстары халықтан оны іздеуге көмектесуді өтінді. Хабарламада оқытушы Қарасай ауданына қарай кеткені аталып өтті.
Бүгін іздеуде болған адамның денесі Алматы облысы аумағынан табылғаны және оның жоғалып кетуіне жергілікті тұрғындардың бірінің қатысы бар екені анықталды.
Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі ақпаратты растап, полиция қазірдің өзінде кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
"Жоғалған адам туралы арыз 21 тамыз күні Қарасай АІІБ-ге түсті. Ер адамның қайда екенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде оның жоғалуына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды. Әрі қарай тергеу барысында күдікті іздеуде болған ер адамның жерленген орнын көрсетті. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысқа күдікті қамауға алынды", — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ағыбай Смағұловты бір жыл бұрын студенттер ұрып-соғып, тонап кеткен болатын. Жоғары оқу орнында оқитын студенттер оның 23 миллион теңгесін тартып алып кеткен, зардап шегушінің тоғыз қабырғасы сынды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады