Алматыда жедел жәрдем қызметінің 60 қызметкерінен коронавирус анықталған

11:24, 4 маусым 2020

Қазақстанда коронавирус дерегі алғаш тіркелгеннен бастап бүгінге дейін Алматы қаласында жедел жәрдем қызметінің 60 қызметкері ауру жұқтырды. Бұл фельдшерлер, диспетчерлер, медбикелер, жәрдем жәрдем көлігін жүргізушілер - дейді жедел жәрдем директорының міндетін атқарушы Азамат Аменов, деп хабарлайды zakon.kz.

COVID-19 жұқтырған 60 адамның тең жартысы емделіп, қазір өз жұмыстарын жалғастыруда. Қалған 30 науқастың жартысы ауруханаға жатқызылған, ал қалған жартысы - карантинде өз үйінде. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша жедел жәрдем қызметкерлерінің дертті қалай жұқтырғаны анықталатын болады.

Аменов сонымен бірге жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істеген бір адамның қайтыс болғанын растады. Бірақ оның өліміне коронавирустың қатысы жоқ. Ер адам емделіп, ауруханадан босатылуға дайындалып жатқан. Ол сау болатын, бірақ сол күні оның өкпе артериясында тромбэмболиясы болды.

Бұған дейін 17 жедел жәрдем диспетчері коронавирус жұқтырды деп хабарланған болатын.

Қазақстанда COVID-19 диагнозы қойылған науқастардың жалпы саны 12 067-ні құрайды. Олардың ішінде 6 240 адам емделіп, жазылды, 48 науқас қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!