Алматыда жаяу жүргіншіні алдымен бір көлік қағып, кейін екіншісі басып кетті
© Сурет: Zakon.kz
8 шілдеге қараған түні Алматыда Nissan Primera және Chevrolet Cobalt жеңіл көліктерінің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Райымбек даңғылында, Саин даңғылына жетпей, батыс бағытта болған. Осы бағытта оң жақ рөлді Nissan Primera автокөлігі келе жатқан.
Көліктің алдыңғы жолаушылар орнында отырған әйелдің айтуынша, кенеттен олардың алдынан ер адам шыға келген.
Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетпеу үшін барынша әрекет жасағанымен, соқтығысудың алдын ала алмаған. Соққының салдарынан ер адам қарсы бағыттағы жолаққа ұшып түскен.
Сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, жолға құлаған ер адамды басып кеткен. Көлік оны біраз қашықтыққа дейін сүйреп кеткен.
Оқиғадан кейін екі жүргізуші де көліктерінен жүгіріп шығып, жаяу жүргіншіге көмектесуге тырысқан. Алайда ер адам жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.
Жол апаты болған жерге жақын маңдағы басқа да жаяу жүргіншілер жиналған. Олардың айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін олар осы ер адамның көпірдің үстімен жаяу келе жатқанын көрген.
Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның жеке басы анықталып жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.
Бұған дейін Алматыда жүргіншілер жолағына жүгіріп шыққан ер адамды автобус қағып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:31, 8 шілде 2026
8 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:23, 8 шілде 2026
Астанада түлектерді жұмыспен қамтуға арналған форум өтті
-
11:15, 8 шілде 2026
Аргентина әлем чемпионатынан ұшып кете жаздады: Месси команданы ширек финалға алып шықты
-
11:07, 8 шілде 2026
Швейцария құрамасы Колумбияны пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты
-
10:57, 8 шілде 2026
Алаяқтардың айласы тоқтар емес: қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды









