Алматыда жаңа спорт саябағы пайда болады
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында жаңа спорт саябағы пайда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қалада жайлы қалалық орта құруға бағытталған жаңа жобаның басталғаны туралы хабарлады. әл-Фараби даңғылы және Дулати көшелерінің қиылысында заманауи FLOW Парк спорт саябағының құрылысы іске асырылмақ.
Жоба жеке инвесторлар Kusto Home ЖШС және Time Group Construction ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылады. Құрылысқа 3 млрд теңге қаржы құйылған. Саябақ құрылысы тек демеушілік қаражат есебінен жүргізіледі, бұған мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді.
"FLOW саябағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға және белсенді демалысқа арналған жаңа демалыс орынға айналмақ. Болашақ саябақ аумағында велосипед және жаяу жүгіру жолақтары, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары, ойын және спорт алаңдары, сондай-ақ, тынығуға және сергітуге арналған аймақтар орналастырылады. Саябақ бұрыннан бар ландшафтпен толық үйлесім табады", - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.
FLOW саябағын салу — мегаполистегі әрбір тұрғын мен қонаққа белсенді әрі сапалы демалысқа арналған қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті қалалық орта қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадам.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды
-
19:45, 15 желтоқсан 2025
Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болды





