Маңғыстауда заңсыз есірткі айналымына қатысты күдіктілер ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Маңғыстауда заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келіге жуық марихуана тәркіленді.
"Қарасора" және "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасымен бірлесіп заңсыз есірткі айналымына қарсы бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде Ақтау қаласындағы базарлардың бірінің аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында күдікті пайдаланған қойма ішінен өсімдік тектес есірткі заттары анықталып, тәркіленді.
Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен оларды пайдалануға арналған арнайы құралдар табылды. Одан әрі жүргізілген жедел іс-шаралар барысында аталған дерекке қатысы бар тағы бір азамат анықталып, ұсталды. Сот-сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың марихуана екені анықталды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрап, аса ірі мөлшерге жататыны белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын және есірткі жеткізу арналарының ықтимал жолдарын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 24 маусым 2026
Павлодар облысында полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды
-
13:19, 24 маусым 2026
СҚО-да 22 жастағы жігіт әкесін соққыға жығып, видеосын әлеуметтік желіге жариялаған
-
12:57, 24 маусым 2026
Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
12:44, 24 маусым 2026
Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды
-
12:36, 24 маусым 2026
Қазақстанда әр жүзінші грант арнайы квота иелеріне беріледі





